«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды  ауданы бойынша білім бөлімі Қара - Адыр бекетінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя  школа станции Кара – Адыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ақша жинауға қатаң тыйым салынады

08.05.2026

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Кара-Адыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:

Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.

Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

– Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.

Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.

Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әр бір оқушы үшін міндет.

ЕСКЕРТУ:

Аталған талаптар 4,9,11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.

Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.

Просмотров: 3422


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст